Startup Mangystau: жастар және инновациялар жобасының финалдық аялдамасы – Ақтау қаласы!
Опубликовано в Молодежные программы • 18 сентября 2025 г.

Startup Mangystau: жастар және инновациялар жобасының финалдық аялдамасы – Ақтау қаласы! ✨
📅 17.09.2025
📍 Есенов университеті, Ақтау қаласы 🎓
🔥 Бүгін “Startup Mangystau: жастар және инновациялар” жобасы аясындағы соңғы кездесу Ақтауда, өңір жастарының білім мен ғылым ордасы – Есенов университетіндегі технопаркте өтті.
💡 Есенов университетіндегі технопаркте өткен кездесу – жастардың ойы мен жігері, арман мен әрекеті тоғысқан маңызды сәтке айналды.
Қатысушылар жобаның мәні мен маңызын терең түсініп, өз идеяларын жүзеге асыру жолында алғашқы қадамдарын белгіледі. 🚀✨
🎓 Есенов университеті ұжымына жылы қабылдауы мен қолдауы үшін зор алғысымызды білдіреміз! Осындай қолдаулар арқылы жастардың дамуына нақты жағдай жасалып келеді. 🌱🤝
Бұл жоба «Эко Маңғыстау» ҮЕҰ бастамасымен, Маңғыстау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» гранты аясында жүзеге асуда.
💭 Идеяң бар ма?
Ендеше, тоқтама. Жаңа мүмкіндіктер сені күтуде!
Галерея

Опубликовано в Молодежные программы • 18 сентября 2025 г.
Смотреть так же
Саммит социального добра в Актау
